ҰҚК үш қалада арнайы операция жүргізді

401

Қылмыстық топтың 20 қатысушысы ұсталды.

ҰҚК үш қалада арнайы операция жүргізді Фото: ҰҚК

4 шілде күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, БҚО прокуратурасының үйлестіруімен Алматы, Орал және Ақсай қалаларында екі қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді, деп жазады inbusiness.kz. 

Нәтижесінде бопсалау, бұзақылық және тонау күдігімен қылмыстық топтың 20 қатысушысы ұсталды.

"Бірқатар тінту шаралары өткізіліп, нәтижесінде атыс және суық қарулар, сондай-ақ есірткі заттары тәркіленді. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдіктілердің бас пайдасы үшін бейбіт азаматтарды қорқытқандары белгілі болды. Өз кезегінде жапа шеккендер физикалық зорлық-зомбылықтан қауіптеніп, ішкі істер органдарына жүгінбеген. Аталған топтар бұрын сотталғандар және деструктивті діни ағым өкілдерінен құралған. Қылмыстық топ мүшелері бір бірімен текетіресте болғандары және белгілі бір аймақтарда өз әмірлерін жүргізу үшін қару қолдана отырып қақтығыстарға барғандары белгілі", - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу