ҰҚКД бастығының Алматы бойынша бұрынғы орынбасары қамауға алынды

495

Соттың санкциясымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы бойынша департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Талғат Мұханов 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ҰҚКД бастығының Алматы бойынша бұрынғы орынбасары қамауға алынды

Т.Мұханов пен басқа адамдарға қатысты қылмыстық істі "алаяқтық фактісі" бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ведомствоаралық тергеу-жедел тобы және Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті тексеретін болады.

"2022 жылғы 5 қазанда Талғат Мұханов соттың санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды", - делінген Антикордың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Ведомствода ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпаратты жариялауға рұқсат жоқ екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу