Украин әскерлері Херсон облысының Снигиревка аймағында шабуылға шықты, ауыр шайқас жүріп жатыр, қорғаныс шебі қорғалуда, деп хабарлады "РИА Новости"ақпараттық агенттігіне аймақ басшысының орынбасары Кирилл Стремоусов, деп жазады Inbusiness.kz.
"Олар түсте Берислава бағытындағы Давыдов Брода ауылының маңында қозғалуға тырысты, онда шайқастар жүрді. Қазір олар Снигиревка қаласының маңында шабуылға кірісті. Майдан шебін жылжытуға тырысып бағуда", - деді Стромоусов.
Оның айтуынша, Ресей армиясы жаудың шабуылын тежеп, қорғаныс шебін ұстап тұр.
"Қазір ауыр шайқас жүріп жатыр", - деп қосты ол.
Бұған дейін Стремоусов украин әскерлері Александровкадан Благодатныйға дейінгі майдан бойындағы орыс позицияларын атқылау қарқындылығын арттыру арқылы Херсон облысына шабуылдың келесі кезеңіне дайындалып жатқанын айтқан болатын. Андреев және Берислава учаскелерінде украиндықтар миномет батареялары мен артиллерияны пайдаланды.