Украин босқындары соғыс аяқталғанға дейін АҚШ-та қала алады

432

Бұл туралы шетелдік БАҚ жазды. 

Украин босқындары соғыс аяқталғанға дейін АҚШ-та қала алады Фото: rbc.ua

АҚШ президенті Дональд Трамп украин босқындарына соғыс аяқталғанға дейін елде қалуға рұқсат беруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ERR агенттігіне сілтеме жасап.

Журналистер "Сіз соғыстан қашқан украиналықтардың АҚШ-та соғыс аяқталғанша қалуына рұқсат бересіз бе?" деп сұрады. 

"Біз солай жасаймыз. Бізге Украинадан көп адамдар келді және біз олармен жұмыс істеп жатырмыз", – деп жауап берді Ақ үй басшысы. 

АҚШ президентінің тиісті жауабын Вашингтонда жұмыс істейтін журналист Алекс Рауфоглу бейнежазба ретінде жариялады.

2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін АҚШ украин азаматтарын қабылдайтын Uniting for Ukraine атты арнайы бағдарлама қабылданы. Бұл жоба АҚШ-та қолдаушысы бар украиндарға елге кіруге мүмкіндік береді. 2025 жылғы маусымда Forbes журналы жариялаған мәліметке сәйкес, осы бағдарлама аясында 236 мыңнан астам демеушілік өтініш мақұлданып, ал АҚШ-қа 187 мыңнан астам украин келген.

Осы жылдың көктемінде дереккөздерге сілтеме жасаған кейбір БАҚ 240 мыңға жуық украин босқынынан заңды мәртебені алып тастау жоспарланып отырғанын хабарлады. Кейін Ақ үй бұл ақпаратты жалған деп атады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу