Украинаның бірқатар ресейлік әлеуметтік желілерін бұғаттағанынан кейін, оның орнын басатын балама желі жасау мәселесін күн тәртібінде тұр. Өз кезегінде, канадалық әзірлеушілер Ukrainians атты жаңа желіні бар болғаны 4 айда жасап бітіретіндерін мәлімдеді. Бұл туралы segodnya.ua жазды.
Алайда аталмыш әзірлеушілер жаңа желінің украиндықтарға шынымен қажеттілігіне көз жеткізгісі келеді.
"Егер 1 маусымға дейін жазылушылар саны 50 000-ға жететін болса, онда біз интернет құралын бар болғаны 4 айда жасап шығамыз", - дейді программистер.
Айта кетейік, 16 мамырдан бастап Украина аумағында санкцияны кеңейту аясында ресейлік "ВКонтакте", "Одноклассник" әлеуметтік желілері мен "Яндекс" және "Mail.ru Group" қызметтері бұғаттауға ұшыраған болатын.