Украина 2030 жылға қарай Еуропалық одақтың мүшесі бола алады — Wall Street Journal

918

Еуропалық Одақ 2030 жылға қарай Украинаны, Балқан мемлекеттерін және басқа кандидат елдерді қабылдауға дайын болуы керек, деді Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишель.

Украина 2030 жылға қарай Еуропалық одақтың мүшесі бола алады — Wall Street Journal Фото: The Moscow Times

The Wall Street Journal (WSJ) америкалық басылымы жазғандай, осылайша Брюссельдегі жоғары лауазымды шенеунік ЕО-ның кеңеюіне қадам нақты қашан жасалатынын алғаш мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.

Мишель қалған уақыт ішінде Еуропалық одаққа кіргісі келетін барлық елдер тиісті реформаларды жүргізуді жандандыруы керек екенін ескертті. Бұл процесс Украинаға 2030 жылға қарай Еуропалық бірлестіктің құрамына кіруге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

"Ілгері қадам басатын уақыт келді. Алда біраз міндет тұр. Бұл болашақ мүше мемлекеттер үшін де, ЕО үшін де ауыр жұмыс болмақ", — деп атап өтті президент.

Украинадан басқа ЕО-ға кіруге ресми үміткерлер қатарында Түркия, Сербия, Албания, Молдова, Солтүстік Македония мен Черногория бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу