Украина 22 мамырдан кейін карантинді ұзартады

741

Елдегі коронавирус жұқтырғандар саны 16 мыңға жеткен.

Украина 22 мамырдан кейін карантинді ұзартады

Украинада пандемияға байланысты енгізілген карантин 22 мамырдан кейін ұзартылады. Елдің премьер-министрі Денис Шмыгаль осылай деді.

Еске сала кетсек, жергілікті билік 12 наурызда бір айға жалпыұлттық карантин жариялаған болатын. Бірақ кейін шектеулер 22 мамырға дейін созылды. 6 сәуірден бастап карантиндік шаралар қатаңдатылды. Яғни көшеде екі адамнан көп жиналуға, саябақта қыдыруға, спорт және балаларға арналған алаңдарда жүруге тыйым салында. 11 мамырда эпидемиологиялық жағдай сәл реттелгесін, шаралардың бірқатары қысқартыла бастады. Мысалы, азық-түліктік емес дүкендер және мейрамханалар мен дәмханалардың жазғы алаңдары ашылып, сонымен қатар саябақтарда серуендеуге рұқсат берілді. Шмыгальдің сөзінше, қазір үкімет карантиннен шығудың бес кезеңін қай уақытқа белгілеу жөнінде талқылаулар жүргізіп жатыр. 

Соңғы мәлімет бойынша, Украинада вирус жұқтырғандардың саны 16 мыңға жақындап, оның 400-ден астамы қайтыс болған.

Табиғат Нұрболат

Фото:eadaily.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу