Украина жақын арада көші-қон тәуекелі мемлекеттерінің тізіміне кірмейтін барлық ел үшін бір реттік электронды визалар енгізетін болады. Ол 30 күнге беріледі, құжаттың құны 65 доллар болады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы "Европейская правдаға"- сұхбат берген Украинаның ІІМ консульдық қызмет департаментінің директоры Сергей Погорельцев айтты.
Оның айтуынша, электронды визаны электронды поштаға жібереді, оны басып шығарып, паспорттық бақылауға әкелу керек.
"Тек жай ғана жүктеу мүмкін емес, шекарашылар үшін басып шығару керек. Сондықтан бірінші кезеңде тіпті мысалы, осы визаны басып шығару үшін әуежайдағы қызметкерлердің санын азайтпаймыз",– деп нақтылады Погорельцев.
Ол Украина электронды визаларды енгізгеннен кейін әуежайлардағы консульдық бекеттерді толық жоймайтынын айтты. Сондай-ақ көші-қон тәуекелі бар елдер визаны елшілікте рәсімдейді.