Украина АҚШ-пен минералды ресурстар жөніндегі келісімге қол қоюға дайын

184

Киев Вашингтонмен келісімге қол қоюға дайын.

Украина АҚШ-пен минералды ресурстар жөніндегі келісімге қол қоюға дайын Фото: life.ru

Украина президенті Владимир Зеленский осы жұма күні пайдалы қазбалар туралы келісімге қол қою үшін Вашингтонға барады. Бұл туралы Reuters жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Басылымның хабарлауынша, Киев табиғи ресурстарды Вашингтонмен бірлесіп игеру туралы құжаттың жаңа нұсқасына қол қоюға келіскен.

Шарт негізінде инвестициялық қор құрылады деп күтіліп отыр. Оған Украина мұнай мен газды қоса алғанда, мемлекеттік минералды ресурстар бойынша болашақта түсетін кірістің 50%-ын аударады. 

"Мен Зеленскийдің жұма күні келетінін естідім. Әрине, егер оған ыңғайлы болса, мен қарсы емеспін. Ол менімен келісімге келгісі келеді. Бұл маңызды оқиға екенін түсінемін. Меніңше, Байден ақшаны оңды-солды таратты. Біз Украина мен Ресейге жүздеген миллиард доллар жұмсадық",  деді Ақ үй басшысы.

Украина премьер-министрі Денис Шмыгальдың айтуынша, Украина АҚШ-пен инвестициялық қорды құру туралы келісімге қол қою үшін қажетті шешімдерді қабылдап жатыр.

"Украинаның жер қойнауы мен ресурстары украиналықтардың меншігінде қалады. Олар АҚШ-тың немесе өзгенің меншігіне берілмейді",  деді Денис Шмыгаль.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу