Украина АҚШ пен Ресейдің келіссөзін мойындаудан бас тартты

452

Вашингтон мен Мәскеу делегациялары Эр-Риядта кездесті. 

Украина АҚШ пен Ресейдің келіссөзін мойындаудан бас тартты Фото: РБК

Украина АҚШ пен Ресей арасындағы Сауд Арабиясында өтетін келіссөздеріне қатыспайды әрі олардың келісімдерін мойындамайды. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

"Украина бұл келіссөздерге қатыспайды. Украина туралы Украинаның қатысуынсыз өтіп жатқан қандай да бір келіссөздер нәтиже бермейді. Бұл келісімдерді мойындамаймыз", - деді Владимир Зеленский.

Қазір Украина басшысы https://inbusiness.kz/kz/last/ukraina-prezidenti-turkiyaga-bardy Түркияда сапармен жүр.

Ал америкалық және ресейлік делегациялар арасындағы кездесу Эр-Риядта бүгін басталды. АҚШ тарапынан сыртқы істер министрі Марк Рубио мен президенттің ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі Майк Уолтц қатысады. Ресейден сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен президент көмекшісі Юрий Ушаков барды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу