Украина АҚШ-тан 100 миллион доллар көлемінде әскери көмек алады

821

Өткен айда Байден Украинаға 13,6 миллиард доллар көлемінде қаржы бөлу туралы шешім қабылдаған еді.

Украина АҚШ-тан 100 миллион доллар көлемінде әскери көмек алады

Украина АҚШ-тан 100 миллион доллар көлемінде қосымша әскери көмек алады. АҚШ Президенті Джо Байден Киевке тағы да қаражат бөлу туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақ үйдің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Америкалық көшбасшы қол қойған меморандумға сәйкес, 100 миллион доллар көмек қорғаныс құралдары мен қызметтер, оқыту және жаттығу жүргізуге бағытталады.

Өткен айда Байден Украинаға 13,6 миллиард доллар көлемінде қаржы бөлу туралы шешім қабылдаған еді. Ақ үй басшысы АҚШ Конгресінің шешімі арқасында Украинаға бағытталған әскери және гуманитарлық көмектің артатынын мәлімдеді. Қолдау шарасы бойынша танкке және әуе шабуылына қарсы қару-жарақ жіберілген еді.

Табиғат Нұрболат

Фото: flickr.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу