Украина АҚШ-тан тағы 1,7 миллиард доллар көлемінде көмек алды

698

Шмыгаль Джо Байденге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Украина АҚШ-тан тағы 1,7 миллиард доллар көлемінде көмек алды

АҚШ Украинаға тағы 1,7 млрд доллар көдемінде гранттық көмек жіберді. Бұл туралы Украинаның Премьер-Министрі Денис Шмыгаль Twitter-де мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"1,7 млрд доллар гранттық көмек Украина бюджетіне Дүниежүзілік Банктің мақсатты қорынан және АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінен түсті. Бұл АҚШ-тың соңғы екі аптадағы екінші гранты, жалпы көмек көлемі 3 млрд долларға жетті", – деп жазылған хабарламада.

Шмыгаль АҚШ Президенті Джо Байденге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Ұлыбритания Украинаға тағы 1 млрд фунт стерлинг көлемінде әскери көмек бөлді. Бұл туралы 30 маусымда Мадридте өткен НАТО саммитінде жарияланды.

Берілген қаражат әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне, дрондарға, электронды соғыс жабдықтарына және украиналық әскерге арналған басқа жабдықтарға қолданылады.

Осылайша, Ұлыбритания 24 ақпаннан бері 2,3 миллиард фунт стерлинг көлемінде қаржы аударып отыр.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу