Украина алаяқтары қазақстандықтарды алдап келген

460

Психологиялық тұрғыда арнайы оқытылған 20-45 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер  қызмет ететін Call-орталық бізде алаяқтықтың танымал барлық түрімен айналысып келген. 

Украина алаяқтары қазақстандықтарды алдап келген

Украина аумағында ең ірі алаяқтық call-орталықтардың бірі орналасқан, оның қызметі тек қазақстандық азаматтарға бағытталған. Бұл туралы Қазақстан Парламентінде ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Олар психологиялық тұрғыдан арнайы оқытылған, 20-дан 45 жасқа дейінгі, орыс тілін еркін меңгерген, шетелдік ҰҚТ құрамына кіретін, "Call-орталықтар" қағидаты бойынша жұмыс істейтін, жақын және алыс шет елдерде тұрақты тұратын ерлер мен әйелдер. Олардың рөлдері нақты бөлінген: "келіссөз жүргізушілер", "хакерлер", IT-мамандар мен қауіпсіздік қызметі", — деді Лепеха.

Ол қылмыскерлер бізде кең таралған алаяқтықтың барлық түрлерімен айналысатынын айтты. 

"Біріншісі — олар тауарларды сату және қызмет көрсету туралы онлайн хабарландырулар орналастырады. Екіншісі — банктер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атын жамылып, азаматтарды түрлі әрекеттерге итермелеу (қаржылай операциялар). Үшінші әдіс — алаяқтар түрлі инвестициялық жобаларға тиімді инвестиция салуды ұсынады, ал бесіншісі — әртүрлі компаниялар мен ұйымдардың фишингтік сайттарын жасайды, олар арқылы кейіннен пайдаланушылардың құпия ақпаратын ұрлайды", - деді министрдің орынбасары.

"Украиналық әріптестерімізбен бірге біз бұл орталықты жаптық. 40 күдікті ұсталды, біраз компьютерлік және басқа да арнайы техника тәркіленді", - деді министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, қазір сарапшылар алданған қазақстандықтардың жеке ақпаратын қайтару үшін құпия файлдарды бұзумен айналысып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу