Украина армиясының шабуылынан Белгородта қаза тапқандар саны 21-ге жетті

452

Ажал құшқандардың 3-і - балалар.  

Украина армиясының шабуылынан Белгородта қаза тапқандар саны 21-ге жетті Фото: РИА Новости

Украина Қарулы Күштері Белгородты атқылау салдарынан қаза тапқандар саны 21-ге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладковтың айтуынша, көппәтерлі 30 үйге зақым келген.

Ажал құшқандардың 3-і балалар. 110 адам жарақат алды, оның 17-і  - балалар.

Қираған ғимараттарды бағалау жұмыстары жалғасуда.

Өңір басшысының айтуынша, 30 адам ауыр халде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу