Украина әскери шығыны ақпан айында 40%-ға өсті - Шойгу

448

Бүгін Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің басшылығымен селекторлық кеңес өткізілді. 

Украина әскери шығыны ақпан айында 40%-ға өсті - Шойгу Фото: DW

Украина Қарулы Күштерінің (УҚК) ақпан айындағы әскер шығындары 40%-ға артып, 11 мың адамнан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"УҚК жеке құрамы арасында адам шығынының айтарлықтай өсімі байқалады. Тек ақпан айында көрсеткіш 40%-дан асқан және 11 мыңнан астам әскери қызметшіні құрады. Осы мәселені ескерсек, Киев режимінің өз халқына деген немқұрайлылығы таң қалдырады,", — деді ол.

Министр Ресей Қарулы Күштері үшін жеке құрам мен бейбіт тұрғындардың өмірі мен денсаулығын сақтау басымдық болып қала беретінін атап өтті. Шойгу сонымен қатар Ресей әскерлері "арнайы операция" аясында тапсырмаларды орындауды жалғастыратынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу