Украина аспанын жабатын уақыт келді - Кулеба

542

Мәскеу мен Киев тұтқындармен алмасты: 6 желтоқсанда тараптар бір-біріне 60 адамды қайтарды.

Украина аспанын жабатын уақыт келді - Кулеба Фото: img.pravda.com

Украинаға 58 ер адам мен 2 әйел, оның ішінде 15 офицер мен 45 қатардағы жауынгер мен сержант оралды. Президент Әкімшілігінің басшысы Андрей Ермактың айтуынша, елге келгендер арасында Мариуполь үшін шайқасқандар бар, деп хабарлайды Inbusiness.kz Euronews сайтына сілтеме жасап.

Сол күні Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Киевтің Батыс серіктестерін ресейлік соққылардың соңғы толқынынан кейін әскери көмекті арттыруға шақырды.

"Бүгінде Украинаға ресейлік зымыран соққыларынан қорғануға көмектесу өте маңызды", - деді Кулеба. - Сылтау іздеп, нақты шешімдерді кейінге қалдырмауларыңызды сұраймыз. Елге жеткілікті мөлшерде жеткізілетін Әуе қорғанысы жүйелерінің көмегімен Украинаның аспанын жабатын келді", - деді министр.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу