Украина аумағында 1007-ден астам қазақстандық жүк вагоны тұрып қалды

1104

5 наурыздағы деректер бойынша Украина аумағында қазақстандық меншік иелерінің 1007-ден астам жүк вагоны тұрып қалды, деп хабарлады inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Украина аумағында 1007-ден астам қазақстандық жүк вагоны тұрып қалды

"Сонымен қатар Украинаға барар жолда әртүрлі жүктер тиелген 680 вагон тоқтатылған. Оның ішінде 371 вагон кеше басқа бағыттарға жіберілді. Халықаралық тасымалдарда туындаған мәселелер бойынша жедел әрекет ету үшін ҚР ИИДМ, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ және еліміздің теңіз порттары жанында жедел желі ашылды. Мүдделі тараптармен келіссөздер жүргізілуде", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін жүк көліктеріне қатысты мәлімет берілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу