Украина балаларын Ресей қайда алып кетті?

565

Atameken Business телеарнасының "Анығын айтсақ" бағдарламасында Украина балаларының жағдайы сөз болды.  

Украина балаларын Ресей қайда алып кетті?

Бір елдің жас балаларын екінші бір ел күштеп әкетуін көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Өкінішке қарай қарсы жақтың балаларын жиып әкету соғыс айла-тәсілінің бірі ретінде қолданылатын болған сияқты.

Ресей билігі өзінің әскеріне Украинаның жас балалары мен бейбіт тұрғындарын күштеп алып кету жайлы пәрмен берген болар.

Соғыс тәсілі дейтініміздің себебі – қалаларды ракетамен атқылау, тұрғындарды қыру, балаларды күштеп алып кету арқылы қарсы жақтың билігі мен әскерінің сағын сындыру, қарсылығын тоқтату көзделген.

Жас балаларын әкетіп қалсақ, украиндар қарсы соғысуды қойып, дегенімізге көнуге мәжбүр болады деген есеп болса керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу