Бұл туралы Еuronews хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Владимир Зеленскийдің айтуынша, соғысты тоқтатуға бағытталған дипломатиялық үдеріс ұзақ үзілістен кейін қайта жанданады.
Украина Президенті Еуропа одағының басшыларына жасаған үндеуінде АҚШ-тың Ресей мұнайына салынған кейбір санкцияларды жеңілдетуі Мәскеудің әскери бюджетіне қосымша қаржы түсіріп отырғанын сынға алды.
"Агрессор әлсіреуі тиіс – бұл соғысты аяқтаудың кілті", – деді ол.
Алайда ЕО-ның Ресейге қарсы 20-санкциялық пакеті Венгрия мен Словакияның қарсылығына байланысты тоқтап тұр. Венгрия сонымен қатар Украинаға бөлінетін 90 млрд еуро көлеміндегі несиені бөгеп отыр.