Украина бейбіт жоспар бойынша ресми жауабын АҚШ-қа жолдады

705

Киев бірқатар түзетулер енгізген.

Украина бейбіт жоспар бойынша ресми жауабын АҚШ-қа жолдады Фото: Nathan Howard / Getty Images

Украина соғысты тоқтату жөніндегі бейбіт жоспар жобасына қатысты ресми жауабын АҚШ әкімшілігіне жолдады. Бұл туралы Axios басылымына ресми тұлғалар хабарлаған, деп жазады inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Украина ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Рүстем Умеров ресми жауапты АҚШ президенті Дональд Трамптың кеңесшісі әрі күйеу баласы Джаред Кушнерге жолдағаны айтылған. Құжатта Киев ұсынған түзетулер бар.

Украина делегациясы бұл құжатты дайындамас бұрын бірнеше күн бойы Ұлыбритания, Франция және Германиядағы серіктестерімен кеңес жүргізген. Олар ресми жауапқа Ресей басып алған аумақтар мен Запорожье АЭС-ының мәртебесіне қатысты жаңа ұсыныстарын да қосқан.

Axios басылымының ақпаратына сәйкес, 11 желтоқсанда АҚШ пен Украинаның жоғары лауазымды тұлғалары бейнебайланыс режимінде кездесу өткізеді деп жоспарланған. Тараптар Дональд Трамп ұсынған бейбіт жоспарға қатысты талқылауларды жалғасады.

Айта кету керек, бұған дейін Зеленский соғыс жағдайында сайлау өткізуге дайын екенін айтқанын жазғанбыз. Украина басшысының айтуынша, 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспардың негіздемелік құжаты бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу