Украина Беларусьпен барлық байланысты тоқтатты

808

Киев те сайлау халықаралық стандарттарға сай өткізілмеді деген пікірде.

Украина Беларусьпен барлық байланысты тоқтатты

Қос елдің президенттері арасында қазір ешқандай байланыс жоқ, әзірге жоспарланбады. Бұл туралы Украинаның Сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

"Сайлаудан кейін Александр Лукашенко мен Владимир Зеленский арасында ешқандай байланыс болмады. Украина басшы жақында ғана Беларусьта қайтадан сайлау өткізу керектігін айтты. Әзірге қос президенттің қашан кездесіп, сөйлесетіні белгісіз, жоспарланбады", – деді ведомство басшысы Дмитрий Кулеба.

Оның айтуынша, Беларусьтегі жағдай тұрақталып, Украинаның абыройына нұқсан келмейтіндей ахуал орнамайынша, қарым-қатынас жанданбайды.

Еске сала кетейік, 9 тамызда Беларусьте өткен президент сайлауынан кейін елді жаппай ереуілдер шарпыды. Саяси додада қазіргі президент Александр Лукашенко дауыстың 80%-ын жинап, басым түскен еді. Ал оның басты қарсыласы Светлана Тихановская дауыстың 10,09%-ын жинады. Бірақ оппозиция сайлауда Лукашенко емес, Тихановская жеңді деп отыр.

ЕО болса Беларусьте өткен сайлау халықаралық стандарттарға сай емес деген баға берді. Ресми Киев те осындай пікірде. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу