Украина Беларусьты Ресейге қолдау көрсетпеуге үндеді

523

Ресми Киев мұндай әрекеттің халықаралық-құқықтық салдары жойқын болатынын мәлім етті. 

Украина Беларусьты Ресейге қолдау көрсетпеуге үндеді

Украинаның Сыртқы істер министрлігі Беларусьты Ресейдің саясатына қолдау көрсетпеуге үндеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz  ведомство мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Ресейдің Беларусьты "жұтып алуы" мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігі мен аймақтың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Өйткені Ресей халықаралық құқықты өрескел бұзып, Украина және басқа да мемлекеттерге қарсы агрессивті саясатын жүргізіп жатыр", –деп жазылған хабарламада. 

Киев Ресейдің саясатын қолдау достыққа негізделмеген әрекет және "ресейлік агрессияны қолдау" деп санайтынын білдірді. Украина мұндай әрекеттің халықаралық-құқықтық салдары жойқын болатынын мәлім етті. 

Сонымен қатар Украина Беларусьтың ішкі істеріне ешқашан араласпағанын және араласпайтынын жариялады. "Минсктің Украинаға қатысты мәлімдемелері, нақтырақ айтқанда, Украина территориясынан қару-жарақ тасымалданды деп айтуы шындыққа жанаспайды. Мұндай жалған мәлімдемелер беларусьтықтарды шатастыруда", – дейді украиналық тарап.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу