Украина бензинмен жүретін көліктерге тыйым салмақ

911

Ресми Киев 2030 жылға қарай парниктік газ шығарындыларын 60%-ға дейін азайтпақ.   

Украина бензинмен жүретін көліктерге тыйым салмақ

Украинаның инфрақұрылым министрлігі бензин және дизельмен жүретін автомокөліктердің импортын шектеу туралы заң жобасын жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 2027 жылдан бастап пайдаланылған көліктер, 2030 жылдан бастап жаңалары елге импортталмайды.

Бірақ Қарулы күштер, фермерлер пайдаланатын көліктерге мұндай талап қойылмайды. Электр көлігін дамытудың арқасында Украина 2030 жылға қарай парниктік газ шығарындыларын 60%-ға дейін азайтпақ. 

Ескере кететін жайт, украиналық заң жобасының кейбір тармақтары Еуропалық Комиссия қабылдаған еуропалық қорғаныс және климат жоспарының тұжырымдамасына ұқсас. Ол құжатқа сәйкес, 2035 жылға қарай Еуроодақ елдері толығымен электрокарларға көшуі керек.

Жоспар күшіне енуі үшін оны Еуропарламент пен ЕО-ға мүше барлық 27 мемлекет мақұлдауы тиіс. Алайда бұл процесс ұзаққа созылып, арты келіспеушіліктерге ұласуы мүмкін деген пікірде сарапшылар.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу