Украина "Бидай келісімі" аясында 32 млн-ға жуық азық түлік экспорттады

428

Украина "бидай келісімі" аясында, 32 млн-ға жуық азық түлік экспорттады.  

Украина "Бидай келісімі" аясында 32 млн-ға жуық азық түлік экспорттады Фото: Известия

Бұл туралы шарттың орындалуын бақылаушы координациялық орталық мәлімдеді. Оның ішінде 625 мың 169 тонна бидай бар. Тауарды тиеп, жөнелтуге БҰҰ-ның бүкіләлемдік азық түлік бағдарламасы көмектескен. Бидай келісімі аясында сәуір айында 2,7 млн тонна азық түлік жөнелтілсе, мамырда  1,3 млн және маусымның басынан бері тағы 1,3 млн тонна бидай экспортталған. 

Айта кетейік, бұл БҰҰ, Ресей, Украина және Түркия арасында былтыр жасалған келісім. Оның мерзімі биыл, 18 наурызда аяқталған. Ресей ұзақ ойланғаннан кейін, өз шарттарын қойып, келісімді ұзартуға келісім берді. Алайда бірер күн бұрын Владимир Путин Европа бізді алдады,- деп мәлімдеме жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу