Украина билігі Starlink қызметіне ақша жетіспейтінін мәлімдеді

591

АҚШ-тың SpaceX компаниясы ұсынылған қызметке ақы талап етсе, Украина Starlink спутниктік байланыс жүйесін қаржыландыру үшін шетелдік серіктестерге жүгінуге мәжбүр болады. 

Украина билігі Starlink қызметіне ақша жетіспейтінін мәлімдеді Фото: universemagazine.com

Бұл туралы бейсенбіде Украинаның Қорғаныс министрі Алексей Резников Reuters агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

SpaceX тегін қызмет көрсетуді тоқтатса, Украина шығындарды өтей ме деген сұраққа министр:

"Біз қажет қаражатты табуға тырысамыз. Әр түрлі елдерде серіктестеріміз жетерлік, солардан қаржылық көмек көрсетуін сұрармыз", — деп жауап берді.

 

Украинаның Қорғаныс министрі қазіргі уақытта компания өз есебінен кейбір жерсеріктерді ұсынса, ал қалғандары үшін Киев өз қалтасынан төлеп жатқанын айтты.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу