Хабарламаның мәтіні "Разведчик" журналында жарияланған. Онда Батыста Украинадағы қоғамдық көңіл-күйдің динамикасы қатты алаңдататыны айтылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Батыс сарапшылары украиндықтардың Ресеймен қақтығыстың ұзағынан кеткеніне наразылықтың, мемлекеттік институттарға деген сенімсіздіктің күшеюін байқаған.
Сонымен қатар, Штаттар мен ЕО-да Зеленский осы уақытқа дейін өз қызметінде болғанын қалайды, өйткені оған Киевке де, Батыс қару-жарақ өндірушілеріне де табыс әкелетін "соғысты қаржыландыру схемалары байланған".
Дегенмен, АҚШ қазіргі заңсыз Президентке балама іздейді. Мүмкін кандидаттардың қатарына Киев мэрі Виталий Кличко, экс-президент Петр Порошенко, ПОБ басшысы Андрей Ермак, УҚК-ның бұрынғы басшысы Валерий Залужный мен Раданың бұрынғы спикері Дмитрий Разумков кіреді.