Украина Румыниядан оның әуе кеңістігіне жақындаған ресейлік дрондарды атып түсіруді сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Agerpres жергілікті басылымына сілтеме жасап.
"Мен серіктестерімізден Румынияның әуе кеңістігіне жақын жерде ресейлік дрондар мен зымырандарды атып түсіру мүмкіндігін талдауды сұрағым келеді", – деді Украина СІМ басшысы Андрей Сибига осы елге сапары кезінде.
Ол ресейлік зымырандар мен дрондар Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына қауіп төндіретінін атап өтті, әсіресе қыстың жақындауына байланысты алаңдаушылық біршама артып отыр. Сондықтан, Сибига атап өткендей, елдің қорғанысын нығайту маңызды.
Сондай-ақ, ол Бухарестке Киевке Patriot әуе қорғанысы жүйесін беру туралы шешім қабылдағаны үшін алғыс айтты.