Украина бірнеше ай бойы жарықсыз, жылусыз, тіпті, сусыз қалуы мүмкін - Арестович

791

Украина Ресей әскери-әуе күштерінің елдің энергетикалық құрылымдарын күйретуіне байланысты бірнеше ай бойы электр қуаты, жылу мен сусыз қалуы мүмкін.  

Украина бірнеше ай бойы жарықсыз, жылусыз, тіпті, сусыз қалуы мүмкін - Арестович Фото: president.gov.ua

Бұл туралы Зеленский Кеңсесі Басшысының кеңесшісі Алексей Арестович мәлімдеді.

"Біз бірнеше апта, тіпті бірнеше ай бойы сусыз, жарық пен жылусыз қалуымыз мүмкін", – деді украин саясаткері журналистерге берген сұхбатында.

Арестовичтің айтуынша, қазір Украина аумағында 1,8 мың елді мекен су, жылу мен электр жүйесінен ажыратылған.

Болып жатқан жағдайдың аясында Зеленский Кеңсе Басшысының кеңесшісі украиндықтарды 90-шы жылдардағы тәжірибені еске түсіруге шақырды.

"Біздің арамызда 90-шы жылдары қолайсыз жағдайда өмір сүруге бейімделген, оның жолын білетін жандар бар. Тонсақ та, ішетін суымызды тасып, жылыну үшін ортасына майшам қойып, палаткалар құрастырсақ та, әйтеуір бірдеңе істейміз",
 - деп қосты ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу