Бүгін Владимир Путин "ШЫҰ +" саммиті аясында Украина шиелісіне тоқталып, бейбіт келісім негізіне Ыстамбұлдық келісімді алуға болатынын алға тартты, – деп жазады Inbusiness.kz сайты.
“Біз ШЫҰ елдеріне АҚШ-тың дөрекі әрі авантюралық саясаты салдарынан туындаған Украина шиеленісін бейбіт шешу жолында шынайы әрі нақты ұсыныстар білдіргендері үшін алғыс білдіреміз. Ресей ешқашан бейбіт келісімнен бас тартқан емес, қазір де дайынбыз. Келіссөздерден бас тартқан – Украина, олар Лондонның айтуымен өз шешімі жайлы көпшілік алдында жария етті, яғни мұнда Вашингтонның да қатысы бары сөзсіз. Бұл туралы украиналық ресми тұлғалар ашық түрде айтып жүр", – деді Ресей басшысы.
Путин Түркия Президенті Режеп Ердоған делдалдығымен талқыланған Ыстамбұлдық келісімді бейбіт келіссөздердің негізі ретінде қолдану керектігін айтты.
"Ыстамбұл келісімі ешқайда кеткен жоқ, оған алдын ала келісім ретінде Украинаның келіссөздер делегация мүшелерімен қол қойылған болатын, яғни ондағы шарттар олардың көңілінен шықты. Осы келісім келешектегі бейбіт келіссөздер негізі ретінде алынуы мүмкін", – деді РФ президенті.
Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының төрағалығымен "ШЫҰ+" саммиті өтіп жатқанын еске саламыз.