Украина бойынша екінші бейбіт конференция Сауд Арабиясында өтуі мүмкін

162

Сауд Арабиясы Украина бойынша екінші бейбіт конференцияны өткізуге болатын алаңдардың бірі ретінде қарастырылады. 

Украина бойынша екінші бейбіт конференция Сауд Арабиясында өтуі мүмкін Фото: Anadolu Agency

Бұл туралы Анкарадағы дипломатиялық ақпарат көзі РИА Новости агенттігіне хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Украина бойынша кезекті бейбіт конференцияның өтетін күні мен орны туралы нақты ақпарат жоқ.

Украина бойынша бейбіт конференция осы жылдың соңына дейін, мысалы, Сауд Арабиясында өткізілуі мүмкін, деді бүгін Венгрия СІМ басшысы Питер Сийярто. Бұл іс-шараға Ресей қатысқан жағдайда ғана шара нәтижелі болмақ, деп атап өтті Сийярто.

Тек Дональд Трамп, егер ол президенттікке сайланса, Ресей мен Украинаны келіссөздер үстеліне отырғыза алады. Бұл туралы Венгрия СІМ басшысы Питер Сийярто Reuters агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды BBC қызметі.

Венгрия Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер арқылы соғысты тоқтатуды мақсат етіп отыр, бірақ әзірге соғысушы тараптардың ұстанымдары тым алыс, деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу