Украина БРИКС саммитіне қатысуға келіскен БҰҰ басшысын сынға алды

204

БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазандағы БРИКС саммитіне барды.  

Украина БРИКС саммитіне қатысуға келіскен БҰҰ басшысын сынға алды Фото: Риа Новости

Сапар қарсаңында Гутерриштің ресми өкілі БҰҰ-ның бас хатшысының Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, Украинадағы соғысты тоқтату жолдарын талқылауға ниетті екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Киевте бұған дейін Швейцариядағы "бейбітшілік саммитіне" қатысудан бас тартқан Гутерриш Путиннің шақыруымен саммитке келуге келіскені үшін сынға ұшырады. 

"Бұл бейбітшілік ісіне кері ықпал ететін қате іс, әрі БҰҰ-ның беделіне нұқсан келтіреді", – деді Украина СІМ баспасөз қызметі.

БРИКС-ке әлемнің тоғыз мемлекеті кіреді. Олардың қатарында Үндістан, Қытай мен Бразилия сияқты ірі елдер бар. Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин де Қазанға келді. Форумға барлығы 36 елдің делегациялары қатысып жатыр, олардың көпшілігі БРИКС-ке кірмейді.

Форумға қыркүйек айында ұйымға кіруге өтініш берген Түркия (НАТО мүшесі) президенті Режеп Тайып Ердоған қатысты. Сарапшылардың пікірінше, Мәскеу үшін БРИКС саммитінің стратегиялық мақсаты – Ресейдің Украинада соғыс жүргізіп жатқанына қарамастан, халықаралық оқшауланбағанын көрсету.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу