Украина Ресейдің тағы бір облысына шабуылдай бастады

8035

Ресейдің Брянск пен Белгород қалаларында жарылыстар болды.

Украина Ресейдің тағы бір облысына шабуылдай бастады Фото: hromadske

Брянск облысының губернаторы Александр Богомаз ресейлік әскерилер бір сағат ішінде 7 дронды тауып, атып түсіргенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жергілікті Telegram-арналарда Брянскіде жарылыстың дыбыстары естілетін кадрлар тарады. Куәгерлер жарылыс қатты болғанын айтады.

Әдеттегідей губернатор Богомаз зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ деп мәлімдеді, бірақ жедел және шұғыл қызметтер сол жерде жұмыс істеп жатыр.

Ресейдің Белгородында әуе дабылы жарияланғаннан кейін бірінен кейін бірі жалғасқан жарылыстар легі естілді. Жергілікті халық қазірдің өзінде "құлатылған әуе нысандарының сынықтарын" көрсетіп жатыр, бірақ губернатор Гладков бұл жағдайға ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу