Украина БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақыруды талап етті

814

Украинаның Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясының Беларусь аумағында тактикалық ядролық қаруды орналастыру мүмкін екенін есігеннен кейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын шақыруды талап етті. 

Украина БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақыруды талап етті Фото: s0.rbk.ru

Еуроодақта Кремльдің әрекеттеріне жауап ретінде жаңа санкциялар енгізуге дайын екендіктерін мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

"Александр Григорьевич Лукашенко Беларусь аумағында ресейлік тактикалық ядролық қаруды орналастыру мәселесін көптен бері көтеріп келеді. Бұл бүкіл әлемде қолданылып келетін тәжірибе. Біріншіден, Америка Құрама Штаттары мұны ондаған жылдар бойы істеп келеді. Олар өздерінің Одақтас елдерінің, НАТО елдерінің аумағында, Еуропада өздерінің тактикалық ядролық қаруларын орналастырды", - деді Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу