Украина Чехиямен НАТО-ға кіру туралы декларацияға қол қойды

639

Украина Чехиямен елдің одаққа кіруін жеделдету үшін НАТО-ға кіру туралы декларацияға қол қойды.

Украина Чехиямен НАТО-ға кіру туралы декларацияға қол қойды Фото: Украина президентінің ресми сайтынан

Бұл туралы Украина Президенті Владимир Зеленский өзінің Телеграм арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бүгін бірнеше маңызды құжаттарға қол қойылды. Әсіресе НАТО-ға мүшелік туралы бірлескен декларациямызды ерекше атап өткім келеді. Бұл біздің еуроатлантикалық интеграцияны жеделдету мақсатында қабылдаған алғашқы құжатымыз. Яғни біз осы Декларациямен Украинадағы НАТО стандарттарын қамтамасыз ету үшін ынтымақтастықты күшейтетінімізді ресми тіркедік", – деді ол чех премьер-министрі Петр Фиаламен кездесудің қорытындысы бойынша брифингте.

Зеленский украиналық тарап басқа да елдермен осындай декларацияларға қол қоюға ниетті екенін айтты. Бұған дейін Фиала мен республика Үкіметінің кейбір мүшелері Украина Министрлер кабинетінің басшысы Денис Шмыгалмен келіссөздерге қатысу үшін Киевке келгені белгілі болды.

29 қазанда НАТО Парламенттік Ассамблеясындағы Жоғарғы Рада делегациясының басшысы, цифрлық трансформация комитеті төрағасының орынбасары Егор Чернев Зеленскийдің тапсырмасы бойынша барлық деңгейдегі украин дипломаттары НАТО-ға мүше мемлекеттермен одаққа кіру туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады.

Қыркүйек айында Украина НАТО-ға жедел қосылуға өтініш берді. НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинаны Солтүстік Атлантикалық альянстың құрамына тез арада қабылдау мүмкін  еместігі туралы хабарлады. Ол Украинаның мүшелігі туралы шешім 30 серіктес мемлекеттің келісімі арқылы қабылдануы керек деп түсіндірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу