Украина дрондары Ozon-ның тағы бірнеше қоймасына шабуыл жасады

Таңға таяу Краснодар, Адыгея, Дағыстан және Ставрополь өлкесіндегі қоймалар соққының астында қалған.   

Украина дрондары Ozon-ның тағы бірнеше қоймасына шабуыл жасады Фото: sputnik.kz

Болжалды мәлімет бойынша, кей аймақта зардап шеккендер де бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Украиналық дрондар Ресейдегі Ozon маркетплейсінің тағы бірнеше қоймасына шабуыл жасап отыр. 

Краснодарда украиналық дрондардың шабуылы салдарынан 2 бала қаза тапты. Бұл туралы өңір губернаторы Вениамин Кондратьев мәлімдеді.

Оның сөзінше, дрондардың бірінің сынықтары жекеменшік балалар орталығына құлаған. Соның салдарынан екі бала көз жұмып, тағы жеті бала мен екі ересек адам жарақат алған. Сонымен қатар, шабуылдан кейін қойма ғимараттарында өрт шыққан. 

Мұнан бөлек, Украина дрондары Адыгеядағы, Дағыстандағы және Ставрополь өлкесіндегі Ozon-ның логистикалық нысандарына да соққы жасаған. Ozon мәліметінше, Адыгейск пен Невинномысскідегі қоймаларда зардап шеккендер жоқ. Нысандар уақытша жабылған. Ал Махачкаладағы қоймада бірнеше адам зардап шегіп, өрт шыққаны хабарланды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу