Украина еліміздің кәсіпорындарына турбина жеткізетін болды

767

Украина еліміздің кәсіпорындарына турбина жеткізетін болды

Украинаның турбина зауыты Қазақстан кәсіпорындарына өз өнімдерін жеткізетін болды, деп хабарлайды 24.kz.

Украинаның алғашқы делегациясы осы орайда келісімшарт жасасты. Серіктестік өкілдері өздерінің нарықта бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын, бірақ ЕХРО-2017 көрмесінің өздері үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашқанын айтады.

"8 блоктан тұратын 300 мегаваттық турбиналарымыз Ақсу станциясында бірнеше жыл қатарынан жұмыс істеп тұр. 500 мегаваттық турбиналарымыз "Екібастұз ГРЭС-1" станциясына орнатылған. Біз сол турбиналармен жұмыс істейміз, блоктарды жетілдіріп келеміз, қазақ энергетиктері біздің жұмысымызды өте жоғары бағалайды. Бүгін біз Ақсу станциясындағы 300 мегаваттық екі блокты жетілдіреміз деп келістік. Бұл жұмыс көлемі Харьковтағы "Турбоатом" мен "Электротяжмаш" зауыттарында 50 млн АҚШ долларын құрайды. Ал "Екібастұз ГРЭС-1" станциясындағы 500 мегаваттық 4 блокты жетілдіру шамамен 100 млн доллар", - дейді "Турбоатом" зауытының бас директоры Виктор Субботин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу