Украина еліміздің транзиттік жүк тасымалдаушыларына 50% жеңілдік жасамақшы

983

Украина еліміздің транзиттік жүк тасымалдаушыларына 50% жеңілдік жасамақшы

Украинаның Инфрақұрылым министрлігі Қазақстанның транзиттік жүк тасымалдайтын кемелері үшін "Укрзализныця" ЖАҚ ұсынған жеңілдіктермен қатар, порттық алымдарға 50% жеңілдік жасауға дайын екендерін жеткізді. Бұл туралы khabar.kz хабарлады.

Қазіргі уақытта еліміздің Инвестициялар және даму министрлігі бағыттың қатысушы-мемлекеттерімен Транскаспий дәлізіне қолайлы жағдайлар жасау мәселесі бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.  Осы мәселе бұрын Одесса қаласында "Еуропа-Азия біріктірілген көлік дәліздері" Халықаралық конференциясы шеңберінде өткізілген Қазақстан, Әзербайжан, Украина және Грузия көлік саласының уәкілетті органдарының өкілдері отырысында талқыланған еді. Отырыс қортындысы бойынша Украинаның Инфрақұрылым министрлігі Қазақстанның транзиттік жүк тасымалдаушылары үшін жеңілдік жасайтыны туралы өз шешімін айтты. Сонымен қатар ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Әзербайжан және Грузия тараптарымен Транскаспий дәлізінің барлық ұзақтығы бойынша тасымалдаушылар үшін экономикалық тиімді жағдайлар жасау мәселесі талқыланып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу