Украина Еуроодаққа қабылдануға тиіс – Еурокомиссия президенті

2033

Зеленский Ресейдің мұнай мен газ саудасына эмбарго жариялап, санкциялар енгізуді ұсынды.

Украина Еуроодаққа қабылдануға тиіс – Еурокомиссия президенті

Еуропалық Комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен Еуропалық Одақ елдері Украинаны одақ құрамында болғанын қалайтынын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, Украина кейбір еуропалық процестерге қатысып, өз нарығын ЕО-ның бірыңғай нарығына интеграциялауда.  

"Біз, мысалы, энергетика саласында, басқа салаларда ынтымақтастық орнаттық. Уақыт өте келе Украина ЕО-ға кіруі керек", – деді ол.

25 ақпанда Украина Президенті Владимир Зеленский Еуроодақ елдерінің көшбасшыларын БҰҰ-ның елдегі бітімгершілік операциясын қолдауға, Ресейдің мұнай мен газ саудасына эмбарго жариялап, санкциялар енгізуге шақырды.

Зеленскийдің мұндай мәлімдеме жасауына Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаны денацификациялау және демилитаризациялау бойынша "арнайы әскери операция" жүргізу туралы шешімі себеп болды. Ол Украина қарулы күштерін қару-жарақтарын тастап, үйлеріне қайтуға шақырды.

Донбастағы "арнайы әскери операция" 24 ақпанда басталды. Путин Донецк және Луганск халық республикалары егемендігін мойындап, бірқатар құжатқа қол қойды.

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу