Украина еуропалық мәдениетке ие – Боррель

720

Украинаға ЕО мүшелігіне үміткер мәртебесін беру туралы шешім 23-24 маусымда жарияланады. 

Украина еуропалық мәдениетке ие – Боррель

Еуропалық одақ өз шекарасын кеңейте алады, Украина еуропалық мәдениетке ие. ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Украинада еуропалық мәдениет бар екеніне және ЕО-ның кеңейе алатынына сенімдімін. Украина өзінің құндылықтарымен, мәдениетімен және тарихымен Ресейдің шапқыншылығына дейін реформалар арқылы Еуропаға қосылуға дайындалды", – деді дипломат.

28 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский одаққа кіру туралы  өтінішке қол қойған болатын. 8 маусымда Еуропарламент Украинаға ЕО мүшелігіне үміткер мәртебесін беру туралы қарарды қолдады.

Еуропалық Кеңестің Украинаға бұл мәртебені беру туралы шешімі 23-24 маусымда жарияланады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу