Украина Еуропалық одаққа кіру үшін жеті шарттың екеуін орындады

672

Украина ЕО мүшелігінің тағы бес критерийіне сай болуы керек. Бұл туралы Одақты кеңейту жөніндегі еурокомиссар мәлімдеді. 

Украина Еуропалық одаққа кіру үшін жеті шарттың екеуін орындады Фото: gmk.center

Еуропалық Одаққа кіру үшін Украина, әлі де болса көп жұмыс істеуі керек. Брюссельдің бағалауы бойынша, Киев ЕО-ға кіру туралы келіссөздерді бастау үшін қажетті жеті шарттың екеуін орындады, деп жазады inbusiness.kz.

Қалған бес шарттың қатарына сыбайлас жемқорлықты пен ақша жымқыруды жою, қоғамның азшылық өкілдері құқықтарын сақтау және олигархтардың билігін шектеу жатады.

"Қазір Украина табысты сот процестері мен айыптау үкімдерінің сенімді тізімін құрып, сыбайлас жемқорлық пен ақшаны жымқыруды жоюы керек. Ол үшін Украина одан әрі жүйелі шаралар қабылдауы қажет, атап айтқанда, активтерді декларациялау жүйесін қалпына келтіріп, қабылданған мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны іске асыруы тиіс", - деді Одақты кеңейту жөніндегі Еуропалық комиссар Оливер Вархейи.

Венгриялық еурокомиссар Швецияда ЕО елдерінің министрлерімен кездесуде сөз сөйледі, онда ол Украинаның қандай екі салада жетістікке жеткенін түсіндірді: бұл екі сот органының реформасы мен Сөз еркіндігі заңының қабылдануы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу