Бірнеше жыл ішінде Украина газ импортынан толықтай бас тарта алады. Бұл туралы "Украинаның газ тасымалдау жүйесінің операторы" компаниясының бас директоры Сергей Макогон мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Оның айтуынша, Украина он жыл ішінде табиғи газ импортынан бас тартуы мүмкін. Оның орнына органикалық қалдықтар мен техникалық дақылдардан алынатын биогаз бен газ өндірісі арттырылмақ.
"Украина биогаз өндіру әлеуеті жоғары (жылына 8 млрд м3 биогаз өнідіреледі). Бұл алдағы 10 жылға қойылатын өте қиын жоспар. Бірақ екі жылдан кейін 0,5 миллиард м3 биогаз өндіру – орындауға болатын жоспар", – деді ол.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу