Украина ІІМ: Умандағы соққылар салдарынан 7 адам қаза тапты

1187

Украина қалалары жаппай соққыларға ұшырады.

Украина ІІМ: Умандағы соққылар салдарынан 7 адам қаза тапты Фото: google.com

Украинаның Черкасс облысындағы Уман қаласын атқылау салдарынан жеті бейбіт тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Әзірге жеті адам қайтыс болғаны белгілі, олардың арасында бір бала бар. 17 адам үйінділер астынан шығарылды, оның 9-ы ауруханада, біреуі өте ауыр жағдайда", - деді Украинаның Ішкі істер министрі Игорь Клименко.

Оның айтуынша, үйдің қираған бөлігінде 109 адам тұрған. 46 пәтердің 27-сі толығымен жойылды.

"Құтқарушылар үйінділерді мүмкіндігінше тез бөлшектеу үшін қолдан келгеннің барлығын жасайды. Жұмыс жалғасуда, өрт жаңа ғана сөндірілді", - деп атап өтті Клименко.

Черкасс қалалық кеңесі Уманда үш күндік қаралы күн жариялады. 

Жарылыстардың дыбыстары Украинаның басқа қалаларында, соның ішінде Николаев пен Кременчугта да естілді.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейлік тараптың шабуылы жайлы ойын әлеуметтік желіде білдірді. 

"Сол түні жау Украинаға тағы да зымырандармен және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасады. Террористердің нысандары - бейбіт адамдар мен маңызды инфрақұрылымдар. Уманға зымыран соққысы 10-ға жуық көпқабатты үйге зақым келтірді", - деп жазды Зеленский Telegram-да.

"Бұл ресейлік террор Украина мен әлемнен әділ жауап алуы керек. Алады да. Әрбір осындай шабуыл, біздің елімізге және адамдарға қарсы әрбір зұлымдық Террористік мемлекетті олар ойлаған нәтижеге емес, керісінше тек сәтсіздік пен жазаға жақындатады. Біз ешқандай қылмысты ұмытпаймыз, ешбір басқыншыға жауапкершіліктен құтылуға жол бермейміз", - деп атап өтті Украина басшысы.

Сөз соңында Зеленский туыстары мен жақындарынан айырылғандарға көңіл айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу