Украина Иранға қайтсе де құлаған ұшақ үшін өтемақы төлетпек

470

Ұшақ төңірегіндегі дау әлі басылмады.

Украина Иранға қайтсе де құлаған ұшақ үшін өтемақы төлетпек Фото: ria.ru

Иранға құлаған украиналық ұшақ үшін қайткен күнде де өтемақы төлеуге тура келеді. Украинаның Сыртқы істер министрі Евгений Енин осылай деді.Бұған дейін ресми Тегеран төлем жүргізуден бас тартқан болатын.

"Иран тарапының құлаған Боинг үшін жауапкершіліктен бас тартатынын елестету қиын. Оны бәрі де түсінеді. Екіжақты келіссөздер кезінде олар өтемақы төлеуге келіскен еді",— дейді Енин.

Министр орынбасарының айтуынша, құлаған ұшақ Еуропадағы сақтандыру компаниялардың бірінде сақтандырылған екен. Осы орайда Тегеран Украина әуе жолына тікелей қаражат бөлмесе де, сақтандыру компаниясына белгілі тәртіп бойынша өтеуі керек. 

Еске сала кетсек, 8 қаңтарда Тегеран-Киев рейсіндегі Украина халықаралық әуе жолының ұшағы Тегераннан ұшқаннан кейін құлаған еді. Салдарынан 176 адам қаза тапты. Олардың 11-і Украина азаматтары. Ажал құшқандардың басым бөлігі Иран және Канада азаматтары.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу