Украина қалалары тағы да оқ астында қалды

557

Жұма күні таңертең елде әуе дабылы жарияланды. 

Украина қалалары тағы да оқ астында қалды Фото: cdnuploads.aa.com

Украинада 8 қыркүйек күні таңертең әуе дабылы жарияланды, деп хабарлайды Inbusiness.kz елдің Әуе күштері Telegram-аранасына сілтеме жасап. 

"Назар аударыңыз! Дабыл жарияланған жерлерде зымыран түсу қаупі бар", - делінген хабарламада.

Сағат 9: 00-дегі жағдай бойынша әуе дабылы Батыстан басқа барлық ауданда, сондай-ақ Одесса облысында жарияланды.

Әуе дабылы кезінде Кривой Рогта жарылыс болды. Ақпаратты қаланың қорғаныс кеңесінің басшысы Александр Вилкул растады.

Запорожье мен Запорожье облысына зымыран соққысы туралы да хабарланды. Жараланғандар бар, деп хабарлады облыс басшысы Юрий Малашко.

Сонымен қатар, өткен тәулікте Запорожье облысының 29 қаласы мен ауылы бойынша 93 рет оқ атылғаны тіркелді.

Украиналық тарап Одесса аймағына камикадзе дрондарымен түнгі шабуыл туралы хабарлады. Шахедтер де іске қосылған, олардың 16-сы Әуе қорғанысы көмегімен атып түсірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу