Украина карантинді мамырға дейін ұзартты

870

Шектеу шаралары одан кейін де сақталуы әбден мүмкін. 

Украина карантинді мамырға дейін ұзартты Фото: interfax.ru

Украина билігі коронавирусқа байланысты енгізілген карантин шараларын кем дегенде мамыр айына дейін созу туралы шешім қабылдады.

"Біз 30 сәуірге дейін карантинді созамыз", – деді ел премьері Денис Шмигал.
Сонымен бірге ол осы күннен кейін де карантиннің алынып тасталмайтынын мәлім етті. "Шектеу шаралары сақталуы мүмкін. Жеңілдетілген түрін енгізетін шығармыз", – деді үкімет басшысы.

2020 жылдың 12 наурызынан бастап Украинада коронавирустың өршуіне байланысты жалпыұлттық карантин жарияланған еді.Шектеу бірнеше рет ұзартылды. Мысалы, 9 желтоқсанда министрлер кабинеті оны 2021 жылдың 28 ақпанына дейін созған болатын.

Джонс Хопкинс университетінің ресми мәліметі бойынша, пандемия басталғалы Украинада 1 275 334 адам вирус жұқтырған. 1 092 599 адам аурудан жазылып, 24 429 науқас дерттен көз жұмды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу