Украина Қазақстанға 40 оқу грантын ұсынды

605

Украина Қазақстанға 40 оқу грантын ұсынды

Украина үкіметі Қазақстан азаматтарына оқу үшін 40 тегін орын ұсынды, деп хабарлайды "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ баспасөз қызметі.

Оқу гранттары 2010 жылғы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Украина Білім және ғылым министрлігі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Украина Қазақстан азаматтарының Украинаның жоғары оқу орындарында техникалық, экономикалық және гуманитарлық мамандықтарда оқуы үшін ұсынады.

Оның ішінде: 30 орын бакалавриат бағдарламасымен, оның ішінде шығу тегі украин азаматтарына; 10 орын магистратура бағдарламасымен, оның ішінде шығу тегі украин азаматтарына. Келісімге сәйкес, оқу тегін, жоғары оқу орны жатақханасы мен шәкіртақысы (шамамен 9000 теңге) қарастырылған. Құжат қабылдау 2017 жылдың 1 мамырына дейін жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу