Украинаның Қарулы күштері өз аумағынан Ресейдің әскерін толық шығаруы мүмкін бе? Соғыстың соңғы күндердегі беталысы осындай сұрақты туындатады. Украина әскері там-тұмдап та болса елді мекендерді азат етуге бет алған сияқты. Украина өзінің байырғы жерлерін түгелімен бастапқы шекара қалпына келтіруге күш салып жатыр. Әрине, соғыс деген қасірет, әрбір күн қантөгіспен өтеді. Украина әскері аузын айға білеген орыс армиясына төтеп беріп отырғанына жетпіс күн болды. Енді Украина кең көлемді қарсы шабуылға шығуға шақ тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу