Украина Кремельге дронмен соққы жасамақ болды - РФ Президенті баспасөз қызметі

1595

Ресми Кремль екі ұшқышсыз ұшу аппараты Президент резиденциясые нысанға алған деп хабар таратты, алайда Украина тарапынан ешқандай мәлімдеме жасалған жоқ. 

Украина Кремельге дронмен соққы жасамақ болды - РФ Президенті баспасөз қызметі Фото: wp-s.ru

Бүгін түнде Киев режимі Ресей Федерациясы Президентінің Кремль резиденциясына ұшқышсыз ұшу аппараттарымен соққы жасамақ болды, деп жазады inbusiness.kz РФ Президенті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әскери және арнаулы қызметтер радиолокациялық күрес жүйелерін қолдана отырып аппараттарды уақтылы істен шығара алды. Кремель аумағына құлап, сынған дрондардан зардап шеккендер жоқ. Материалдық залал келтірілген жоқ", - делінген хабарламасында.

Рессей тарапы мұндай шабуылды Президентке жасалған қастандық деп таныды.

"Біз бұл әрекеттерді 9 мамырдағы Жеңіс Күні қарсаңында, шетелдік қонақтардың қатысуы жоспарланған шеру алдында арнайы жоспарланған террористік акция не Президентке жасалған қастандық деп санаймыз" - делінген хабарламада.

Кремель енді Ресейдің қарсы шабуыл жасауына толыққанды негіз барын атап өтті. 

"Ресей тарапы қай жерде және қашан қажет деп санаса, жауап беру құқығын өзіне қалдырады", - делінген хабарламада.

Ресей Президенті зардап шеккен жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу