Украина, Литва және Польша Ресейге қарсы санкцияны қатаңдатуға үндеді

762

Литва мен Польша басшылары Украинаның Еуропалық Одаққа (ЕО) және НАТО-ға қабылдануын қолдайтынын растады. Украина, Литва және Польша халықаралық қауымдастықты Ресейге қарсы санкцияларды қатаңдатуға үндеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Украина президенті кеңсесінің сайтында жарияланған мәлімдемеге сілтеме жасап.  

Украина, Литва және Польша Ресейге қарсы санкцияны қатаңдатуға үндеді

Құжатта Литва, Польша және Украина Президенттері Гитанас Наусед, Анджей Дуда және Владимир Зеленский "Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясы" туралы айтқаны жазылған. Олар Ресей Федерациясын деэскалацияға және "Украина шекаралары мен уақытша оккупацияланған аумақтардан әскерін шығаруға" шақырды.

Литва мен Польша басшылары Украинаның Еуропалық Одаққа (ЕО) және НАТО-ға мүшелігін қолдайтынын растады. "Украина, Литва және Польша президенттері қауіпсіздік, қорғаныс, экономика, энергетика және т.б. мәселелер бойынша, соның ішінде Люблин үшбұрышының форматы шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі кеңейтетінін растады. Литва Республикасы мен Польша Республикасы Украинаның ЕО мен НАТО-ға қабылдануын қолдайтынын растайды", – деп жазылған мәлімдемеде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу