Украина МАГАТЭ Басқарушылар кеңесіне кірді

516

МАГАТЭ-нің басқарушы органы қаржы мәселелері мен қауіпсіздік нормаларымен айналысады және агенттіктің бас директорын тағайындайды.

Украина МАГАТЭ Басқарушылар кеңесіне кірді Фото: novosti-n.org

Украина тағы 10 мемлекетпен бірге халықаралық Атом энергиясы агенттігінің басқарушылар кеңесінің құрамына сайланды, деп хабарлайды inbusiness.kz МАГАТЭ жарияланған мәлімдемеге сілтеме жасап. 

"35 мүшеден тұратын МАГАТЭ Басқарушылар кеңесінің құрамына 2023-2024 жылдар кезеңінде 11 елдің өкілдері сайланды. Кеңестің жаңадан сайланған мүшелері: Алжир, Армения, Бангладеш, Буркина-Фасо, Эквадор, Индонезия, Корея Республикасы, Нидерланды, Парагвай, Испания мен Украина", - деп хабарлады МАГАТЭ.

Басқарушылар кеңесі - МАГАТЭ-нің екі басқарушы органының бірі. Ол қаржылық мәселелері мен қауіпсіздік ережелерімен айналысады, сонымен қатар агенттіктің бас директорын тағайындайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу